Балалар бір жылда оркестрде ойнап, саз балшықтан құмыра жасауды үйренген. Спорт түрлеріненде жеттістіктер жетерлік. Шәкірттің талантын ашып, шабыт беретін  № 2 Оқушылар сарайы.  Өнер  ұясынада ашық есік күні өтті. Ата-аналар өскелең ұрпақтың жеттістігіне сүйсінді.

№ 2 Оқушылар сарайы 2023 жылы пайдалануға берілген. Үш қабаттан тұратын ғимаратта 6-бағыттағы 65 түрлі үйірме жұмыс істейді. Ғимараттың ерекшелігі мұнда әр түрлі саладағы үйірмелер бір ғимаратқа топтастырылған.Үйірмелер заманауи құрылғылармен жабдықталып, оқушы үшін барлық жағдай жасалған.
 ДАНИЯР ЕГІЗБАЕВ, №2 ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Ата наалардың барлығы ішке өтпеуіне байланысты ашық есік күнін үйымдастырып жатырмыз. Мүғәлімдермен таныстырамыз, үйірмелерді көрсетеміз.

 Ашық есік күні №2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған.  Шарада  концерттік бағдарлама, ойындар ұйымдастырылды.  Перзенттеріне сүйсінген ересектер  ғимарат ішімен толық танысып, сабақ барысын, үйірме кабинеттерін аралады.

АМАНКҮЛ БЕЙСЕНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-  Таныстық бәріде тамаша  ашылғанына 1 жыл болмай жатып үйірмелер дамыған

 Бұл орталықтың  шәкірттері  Республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жеңіс тұғырын бағындырып келеді. 2023/2024 оқу жылында 24 халықаралық, 118 республикалық, 40 облыстық, 56 қалалық  сайыстарда жүлделі орындарды иеленген.Ғимаратта 210 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 127 педагог ұстаз балаларға білім береді. Олардың арасында зерттеуші мұғалімдер, сарапшылар, модераторлар, спорт шеберлері бар.