Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы  жыл басынан бері атқарған шаруаларына есеп берді.  Прокуратура органдарымен бірлесіп  1 тексеру және Департаментпен 3 тергеп-тексеру жұмыстары аяқталған.

Нәтижесінде  «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ іс-әрекетінде  шикілік анықтаған. Мекеме  мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi шарттарды қолдану арқылы өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланған. Тәртіп бұзғаны үшін қоғамға  104,7 млн теңге айыппұл салынып бюджетке өндіріліпті. Ал  Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына, сұйытылған мұнай газ көлемін бөлу кезінде тәртіп бұзылған. Бәсекелестікті қорғау саласында заңнама бұзушылықтары орын алуына байланысты басқарма басшысына 300 айлық есептіш көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.