Түркістанда «халықаралық қолөнер қалалары» ұйымының президенті  Саад Каддуми бастаған танымал қолөнер шеберлері мен сарапшылары бас қосты. Жиынға Австралия, Америка, Иран, Қытай, Малазия, Шри-Ланка, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан сынды 19 елден, 30-ға жуық қолөнерші келіп, ел мәдениетімен танысты.  Жиынның мақсаты – киелі шаһарға халықаралық қолөнершілер қаласы мәртебесін беру. Осы мақсат аясында қонақтар жергілікті шеберлер қолынан шыққан бұйымдар легін тамашалап, сараптама жасады. Әділ бағасын беріп, ұсыныстар айтты.

Ісмерлер ісін қолдау мақсатында «Қолөнершілер қалашығы» туристік кешені салынуда. Аталған орталықтың ішінде арнайы көрме залы, саялы бақ, шығыс базары, мейрамханалар, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп жоспарланған. Кешеннің жалпы алаңы 2,56 га қамтиды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қонақтар алдымен оқушылар сарайына барып, жас қолөнершілер жұмысымен танысты. Онда 475 оқушы шеберлік сырын меңгеріп,  ата жолын жалғап жүр.

  Шеберлер сондай-ақ, Қ.А Ясауи кесенесіне арнайы барып, тарихи жәдігерді аралады. Кесене құрылысының тарихына үңіліп, сәулетіне таңдай қақты. Жергілікті «Turkistan Qol oner одағы» қоғамдық бірлестігі этно-ауыл кешенінде көрме ұйымдастырып, шеберлердің оң бағасын алды.

АЗИЗ МУРТАЗАЕВ, ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫ
 Халқаралық қолөнер қалалары ұйымының президенті Саад әл-Қаддуми түркістандық қолөнершілер  жұмысына ризашылық танытып, қазаққа тән ерекшелікке тоқталды. Айтуынша, жергілікті халық өз менталитетіне сай қайталанбас туындылар жасап, оны әлемге паш етуі тиіс. Шараның көздегені де сол.