Қарты бар үйдің қазынасы бар. Ғасыр жасап, өмірлік тәжірибесі толысқан қарт-абыздар – жастар темірқазығы. Жаңылғанда жол сілтеп, адасқанда бағдар көрсететін аға буын, сый-құрметке лайық. Осы ұранды бетке алған әскерилер мереке аясында  ІІ дүние жүзілік соғыс ардагері Анарбай Мырзахметовті 


18 жасында өзі сұранып майдан даласына аттанған Анарбай ақсақал Берлин түбіндегі соғыста ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатқандардың бірі. «Берлинді алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» атты медальдары бар. Майданнан аман келген соң мал шаруашылығына ден қойып, еселі еңбек етті. Қой фермасын басқарып, ауыл-аймаққа абыройлы болды. Биыл Анарбай Мырзахметұлы 96 жасқа толып отыр. Ал 74 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр сүріп келе жатқан жұбайы Шамен – 92 жаста. Он перзентінен 43 немере сүйген.