Шымкетке қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген 40 сарбаз оралды. Дәл осы күні 30 бозбала әскер қатарына аттанды.
Жігіттерді күтіп алып, шығарып салу рәсімі Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасы әскери оркестрінің шеру әуенімен өтті. әскер қатарынан арнайы формамен келген 40 азамат бозбалалардың таңданысын тудырды. Енді олар аға буын секілді Отан қорғаушы атағын алу үшін нағыз ер-жігітттер мектебінің «түлектері» болады. Қарулы күштердің осы беделді бөлімшесінде біз физикалық және психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған жастарды ғана жолдаймыз. Енді олар батылдық эстафетасын інілеріне тапсыруда. Олар үшін бұл тамаша бастама, - деп атап өтті Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев. Лайықты ұлдарын тәрбиелеген сарбаздардың ата-аналарына «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев ерекше алғысын білдірді.