Мырзашөл өңірінде мақта терімі қызу жүріп жатыр. Шаруалар ақ алтынды жауын-шашынға ұрындырмай жинап алуды көздеп отыр. Дегенмен дихандарды толғандырған мәселе ол мақта бағасы. Нарықты ырықтандыру мақсатында ауданда мақта талшығын терең өңдейтін екі бірдей фабрика салынып жатыр. Кәсіпорындар жылына 30 мың тонна мақта талшығын өңдейді. Бұл Мемлекет басшысы жолдауда айтқан ауылшаруашылығы өнімдерін толық циклда өңдеу бастамасын орындауға негіз болмақ.
ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК, ТІЛШІ:

Берекені көктен емес еткен еңбегінен тілеп отырған мақтааралдық дихандар мақта теруі науқанын қызу жүргізіп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай егістік алқаптары ақ ұлпаға оранған. Биылғы жылы ауданды жалпы мың гектарға жуық жерге тамшылатыпсуару технологиясы бойынша мақта егілген. Шаруалар бұйыртса мол өнім аламыз деп жоспарлап отыр.
 Ғасырға жуық тарихы бар өңір шаруалары биыл 33 мың гектардан астам жерге мақта шитін септі. Қазір ақ алтынды жинап алу науқаны қызу жүріп жатыр.Егістік алқаптарында сақылдаған су жаңа техникалар жұмыс істеп тұр. «Әке көрген оқ жонар» демекші, Мұратқазы әке кәсібін жалғап келеді.
МҰРАТҚАЗЫ ӨСІМБЕКОВ, МЕХАНИЗАТОР

Осы Жондирді айдаймыз сезонында. Бос кезде Беларуспен жер айдап,соқалап,шизлдап жұмысымыз осы диханшылық. Басқа жұмысымыз жлқ теқ қана осы диханшылықпен өмір сүреміз. Мына техника бәрі жостик автомат күніне азаннан кешке дейін он гектер тереді. Түнде 12-15 гектар жұмысымыз алға басып жатыр. Тоқтамай жүріп тұрса бір айда бітеді терім.
Мақтааралдық шаруалар үшін ең бірінші мәселе ол ақ алтынның бағасы болып тұр. Өйткені 1 гектар жерге орта есеппен 150-300 мың теңге көлемінде қаржы  жұмсайды. Оған дайын өнімді техникамен теріп алуды тағы қосыңыз.
 БАУЫРЖАН ӘБДИЕВ, ДИХАН

Мұрат шаруа қожалығы болып осы мына комбайнды алғанбыз.Қазір жанар-жағармайдың өзі де қымбат болып тұр. Жаз бойы мынау гектарына шаққанда мысалы үшін гектарына шаққанда 500 кіладан өзінің тыңайтқышы беріледі.Оның шитіңіз бар оны қарауыңыз бар обработкасы бар тарктормен жаз бойы істеген пейнеттер бар Тек бір жері мақтамыз сәл арзандай болып тұр да.
КСМ.Түркістан облысының шаруалары биыл 870 мың гектар жерге әр түрлі дәнді дақыл  сепкен. Одан күні бүгінге дейін 703 мың тонна астық жинапты. Дегенмен ақ алтын күні бүгінге дейін шикізат күйінде сатылып келді. Енді мақта терең өңделеді. Өзбекстандық ірі тоқыма компаниясы келісім негізінде  құны 45 миллион долларды құрайтын фабрика салынып жатыр.
 БАЯЗИТ ӘЛІМҚҰЛ, МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл жерде екі фабрика салынайын деп жатыр. Екі фабрика қуаттылығы 30 мың тонна волокна болады. Біздің ауданымыздан жалпы 30 мың тоннадай волокна шығады. Былтырғы жылы 100 мың тонна мақта алған болатынбыз. Былтыр жалпы 37 мың гектар жерге мақта егілген. Биылғы жылы 33,700 гектар.былай айтқанда 3 мың гектардай мақта аз. Бірақ өнімділік былтырғы жылмен салыстырғанда 1 центнерге жоғарылайд деген үміт бар.
Жоба аясында логистика хабы,мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата боя фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылатын болады.  Кәсіпорын биыл алғашқы мақта өнімдерін қабылдамақ.
 БЕРДАЛИЕВ АЛЕКСАНДР, "ГЛОБАЛ ТЕКСТИЛЬ ТУРКЕСТАН" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Инвест құны 27 миллиард біздер бірінші кезеңде мақта қабылдау бекеті мақта өңдеу зауыты одан кейін тігін фабрикасын салу жоспарланудамз. 2027 жылға дейін. Биыл Өзбекстан республикасынан 80 тонна тұқымдық шит алып келдік Наманган-77  деген  Ол шашамен 3,5 мың гектарға жуық егіс алқап болды. Биыл оны қабылдап өңдеп өзбекстан республикасына жіберуде жоспардамыз.Фабрикамыз толық цикл қамтығанан кейін біз өзіміз нарықтағы бағадан қымбат қабылдауға толықтай мүмкіндігіміз бар.
Жалпы аудан аумағында 8 мақта өңдеу зауыты бар. Оларға тиесілі 33 мақта қабылдау бекеті орналасқан. Мақта өңдеу зауыттары шаруаларға жыл басынан бері 5 млрд теңге көлемінде фючерлік несиелер таратқан. Жылына 100 мың тоннаға жуық ақ алтын өнімін жинайтын ауданда болашақта шикізат толық циклда өңделетін болады.