Қазығұртта аудан орталығында 1 қазан Қарттар күніне орай  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылды. Салтанатты рәсімге қатысқан аудан әкімі мерекемен құттықтап, елге еңбегі сіңген бірқатар азаматты марапаттады.

 Жаңа нысан 40 адамға шақталған. Мұнда әлеуметтік сауықтыру, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбек, тұрмыстық бағыттар бойынша 8 түрлі қызмет көрсетіледі. «Белсенді ұзақ өмір» орталықтың мақсаты – зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, өмір сүру сапасын жақсарту, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау.

Аталған ғимарат аудан ардагерлерімен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, ардагерлердің өмір сүру сапасын жақсарты, қоғамның белсенді өміріне тарту,- дейді ардагерлер. Сарыпбек Жаңабайев бала кезінен қойшы болған, бүгінде осы орталыққа тұрақты келіп денсаулығыма күтім жасау туралы шешімге келдім дейді.

«Белсенді ұзақ өмір» орталығында барлығы 17 қызметкер жұмыс істейді. Орталықта қызметшілерге  қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аудан көлемінде 65 жастан жоғары 12 мыңнан астам ардагерлер бар.