Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстары басталды. Төмен температурада және күрделі метеорологиялық жағдайларда әскери техника мен қару-жарақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр.

 Техниканы қысқа дайындау бірнеше кезеңнен тұрады. Әскери техника санына керекті жанар-жағармай материалдарын, сондай-ақ басқа да материалдық құралдарды есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әскери қызметшілер техниканың әрбір бірлігі мен бөліктерін, жауынгерлік машиналардың тораптары мен агрегаттарын тексереді. Сүзгілерді жуып, ауыстырады. Әр бөліктің жарамдылығына көз жеткізгеннен кейін, олар аккумуляторлар мен электр жабдықтарын жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Осылайша техника қыстың ең қатал күндерінде де үздіксіз жұмыс істей алады. Дайындық кезеңнің аяқталуы қараша айының алғашқы апталарында бітеді. Содан кейін парктер мен парк үй-жайлары тексеріледі. Бұл – соңғы процесс, барлық машиналар мен жабдықтардың қыс мезгілінде пайдалануға толық дайын екендігін растайды.