Мегаполисте бір атауға ие екі үш көшені көруге болады. Мәселен Қажымұқан көшесі 4 рет, Б.Момышұлы, Төле би, М.Мәметова атын иемдеген көшелер 3 рет қайталанған. «Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» шешім қабылданды. Өзекті мәселеге сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясында нүкте қойылды.
Атаулар Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қаласы мәслихатының бірлескен шешімімен бекітіліп, заңдастырылады. Қаламыздағы Бозарық атауымен 1 саяжай, 1 шағын аудан орналасқан. Қайталанатын атау болғандықтан, халықтың сұранысына орай Бозарық саяжайын Алтын Орда шағын ауданы деп өзгерту ұсынылды. Сондай-ақ, атауы қайталанатын көшелерді тұрғындар мен қонақтарды шатастыруға әкеп соқтырмау мақсатында өзгертуді ұсынды.
БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ , МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- 283 көшеге атау беру; атауы қайталанатын 82 көшені қайта атау; атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшені қайта атау; 6 шағын ауданға атау беру; 1 аллеяға атау беру; 1 саяжайды қайта атау; 6 көшенің атауының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар.
Жалпы ұсынылған көшелердің 174-іне «Жер-су атаулары», 152-іне «Дәстүрлі атаулар», 45-і «Тарихи тұлғалар» тізімінен алынған атаулар ұсынылды. Бұл ұсыныстар бұған дейін сол көше тұрғындарымен талқыланып пісіп жетілген.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Осы әр көшенің атауын Скверлер бар соған менің орынбасарым Сәрсен Абайұлы барып арнайы қарап шыққан.
Шымкенттің 5 ауданынан түскен атауы жоқ 5 шағын ауданға, 1 аллеяға, 283 көшеге жаңа атау беріледі. Сонымен қатар атауы қайталанатын 1 саяжай, 1 шағын аудан, 88 көше жаңа атқа ие болады. 6 көшенің атауларының транскрипциясы өзгертіледі. Айтқандай осы сессияда БАҚ өкілдеріне жағымды жаңалық. Момышұлы Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы Спутник сквері енді Журналистер сквері атанады.