Шымкент кедендік рәсімдеу орталығы биыл 23 мыңға жуық тауарға декларация рәсімдеп, сыртқы тауар айналымы 1 млрд 200 млн АҚШ долларынан асқан.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111% өсімді құрап отыр. Кеден бекетінің соңғы 9 айда тіркеген 17 мың декларациясы бойынша келген жүктердің басым бөлігі автокөлік тасымалына тиесілі. Аталған жүйе бойынша 8700 көлік тасмалы тіркелген. Сондай-ақ теміржол арқылы 7800, Казпочта көмегімен 87 декларация рәсімделген.