Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында. Бүгін аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмысты жандандыруды тапсырды. Әрбір әлеуметтік нысанның артында халықтың сұранысы мен тілегі тұр. Міндетіне салғырт қараған мердігерлерге екінші рет жоба берілмесін, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте нысандарының құрылысы кешеуілдеп жатқан аудан, қала әкімдерінің де есептері мен уәждері тыңдалды. Тиісті тапсырмалар, ұсыныстар берілді. Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде.
СПИКЕР: АБАЙ ТҰРХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 00,15-00,40
Бүгінде 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 мектеп (Түркістан қаласы) пайдалануға берілді. Қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған және жыл соңына дейін тағы 12 мектеп құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Қалған 13 мектеп 2025 жылға өтпелі.
Мәжілісте облыстағы құрылыс нысандарының сапасы да сараланды. Бұл туралы Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Айдос Исмаиловтың есебі тыңдалды.
АЙДОС ИСМАИЛОВ, БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Өңірде құрылыс сапасына тиісті талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 822 хаттама толтырылып, 255 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Үш мердігер компания лицензиясынан айырылған.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылып жатыр. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған. Мәдениет саласы бойынша 12 нысан салынып жатыр. Бүгінде 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 нысан тапсырылмақ. Спорт саласында 22 нысан құрылысы жүргізілсе, оның 3-еуі пайдалануға берілді. Жалпы облыста құрылыс саласындағы жобалар жалғасады.