ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде сарбаздарға тегін негізде жоғары оқу орнына түсу туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.
 Шымкент жедел бригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 38-і ғана жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Тегін білім беру гранттары әскери қызметшілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бөлігі болып табылады. Мұндай бастама сарбаздар арасындағы білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың елге одан да адал қызмет етуге деген ынтасын арттырады. Айтып өтейік, мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы сертификаттармен ЖОО-ға екі жыл ішінде түсе алады. Білім беру гранттарын тапсыру - бұл біздің сарбаздарымызға жоғары білікті маман болуға және елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін болашаққа салынған инвестиция