Қытайда қазақстандық органикалық және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесті. Тараптар сауда-саттық, инвестиция, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту шаралары талқылады. Биыл 9 айда агроөнеркәсіп саласында өзара сауда айналымы 5,8%-ға артқан. Қос ел экспортты кеңейтіп қана қоймай, дәнді дақылдар өндіретін қазақстандық кәсіпорындарды қытай нарығына шығару үшін аккредитеу мәселесін де қарастырды. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен қарым-қатынасты дамытуға ерекше маңыз береді. Шілдеде ҚХР төрағасы Си Цзинь Пиннің ҚЗ-ға жасаған мемлекеттік сапары қазақ-қытай әріптесітгін жаңа алтын 30 жылдықтың аясында нығайтуға қуатты серпін бергені анық. Жоғары деңгейде қойылған тапсырмаға сәйкес біз алдағы уақытта өзара сауданы 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз.
ЛИ ЦЯН, ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІНІҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
«Қытай мен Қазақстан – ежелден тату көрші, бізді 1700 шақырымнан асатын ортақ шекара байланыстырып жатыр. 30 жыл ішінде біздің тату көршілік, достық, құрмет пен теңдік рухында өзара тиімді ынтымақтастық құрылды. Екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен соңғы жылдары біздің қарым-қатынасымыздың жаңаша тынысы ашылып, тұрақты әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне жетті» ))