Шымкентте HADISHA MED көпсалалы медициналық клиникасы емделушілерді қабылдайды. Жұмысын қаңтардың бірінен бастаған емдеу орталығы Асар шағынауданында орналасқан. Онда тіркелген тұрғындар кепілдендірілген тегін медициналық ем алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
7 Қабаттан тұратын ғимаратта 257 жатын орын бар. Медициналық орталықта емделушілерге алғашқы жәрдем көрсетуден бастап, күрделі отаға дейін жасалады. Мұндағы жансақтау бөлімі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.
АСҚАР ЫРЫСБЕКҰЛЫ – ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Біздің жансақтау бөлімінде 15 койкаға дейін толыққанды жабдықталған. Қазіргі таңда хирургия, кордиохирургия, селективті ангиграфия оталары жүргізілуде. Гинекология, травматология, ортопедия сол отадан кейінгі науқастар осы жансақтау бөлімінде жатады.
Озық технологиялармен жабдықталған орталықта жоғары санаттағы білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Нейрохирургия бөлімінің мамандары германиялық медициналық апараттың көмегімен қан тамырларға операция жасайды. Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, 3 науқасқа тіліксіз ота өткізілген.
ЖАСҰЛАН ЖИРЕНБАЕВ – НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
- Инсультпен түскен нақастарға ишимиялық және геморогиялық инсультпен түскен науқастарға инсультті алдын алу мақсатында ота жасаймыз және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеміз науқастарға. Бұл апаратпен науқастарға тіліксіз операция жасалады тамыр ішімен бір ерекшелігі. Және бұл отадан кейін науқастар ертесіне тұрып жүруге мүмкіндігі болады.
Жаңадан ашылған HADISHA MED медициналық орталығы Шымкент қаласының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарына енгізілген. Бұл клиникаға тіркелген тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіледі.
АҚЖАН ҚАЛМҰХАНБЕТ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сіңірлерім кесілген тұғын. Келіп Данияр дәрігерге жолықтым, Екі-үш күн анализдердітексеріп, ота жасап берді.Рахмет айтамын. БАрлығы атсалысып, алты сағаттай ма ота жасалынды. Хадиша ауруханасына рахмет айтамын дәрігерлеріне барлығына.
ҰЛЖАРҚЫН МЫРЗАШОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Үйде құлап қалдым. Содан скорая шақырттым. Олда тез келді. Сөйтіп балалар мені осы жаңадан ашылған больницаға алып келді. Дәрігерлерге рахмет. Менә бірден рентгенге түсірді. Мына жамбасым сүйегінен зақымданыпты. Соған кеше операция жасады. Бір күн осы жерде алдыңкүні болдым. Операция жақсы өтті дәрігерлерге медбикелерге санитаркалерге барлығына көп рахмет. Больница жақсы, іші жылы барлық условия бар.
Медициналық орталық Асар тұрғындарын ғана емес, жақын аумақта орналасқан елдімекен халқына да сапалы медициналық көмек көрсетеді. Клиника ашылғалы 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда 200 білікті дәрігер мен 300-ге жуық орта буынды қызметкер жұмыс істеп жүр.
БАУЫРЖАН ДАУЕЙ – HADISHA MED МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
- Бұл клиникада қазір кардиохирургия, нейрохирургия, инсульт, травматология, жалпыхирургия, геникалогия, неврология, барлық керекті экстренный ем қабылдауға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргітаңда біздің істеп жатқанымызға 9 күн болды. Скораялар пациенттерді алып келіп жатыр. Соған біз керекті медициналық көмек көрсетіп жатырмыз.
Қазіргі таңда инсульт бөлімшесінде 30, нейрохирургияда 20, неврология бөлімшесінде 15 жатын төсек бар. Клиникада компьютерлік томография, МРТ, ангиография, рентген аппараттары да жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ 10 ота жасау аймағы бар. Айтып өтейік, KHADISHA MED көпсалалы медициналық клиникасына қаладағы 18 емхана тіркелген. Жалпы алғанда 400 мың халыққа емдік қызмет көрсетуге мүмкіндік бар.
Лицензия 23009462 берілген күні 20.04.2023ж. «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ