Кәсіпкерлер палатасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы бизнес саласындағы мәселелерге арналған маңызды жиын өткізді. Басқосуға Мемлекеттік кірістер департаменті мен прокуратура басшылығы, сондай-ақ түрлі бизнес өкілдері қатысты.
Жиын барысында кәсіпкерлік саласындағы негізгі мәселелер мен кемшіліктер кеңінен талқыланды. Бизнес өкілдері кәсіпкерліктің дамуында кездесетін түрлі қиындықтар мен тосқауылдарды ортаға салды. Олардың айтуынша, салықтық жүйедегі кертартпа нормалар мен процедуралар бизнес үшін үлкен қиындықтар туғызады.
 Сыртқы сауда мен экспорттау мәселелері де кәсіпкерлердің наразылығын тудырып отыр. Экспорттық процесстерде туындайтын бюрократиялық кедергілер көптеген кәсіпкерлердің қызметін тежейді.
 Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы кәсіпкерлердің көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, оларды шешу үшін қажетті шараларды Парламентте және басқа тиісті органдарда көтеруге уәде берді.
Халық қалаулысы кәсіпкерлерден жазбаша арыз қабылдап, мәселелерді шешу бағытында барынша ықпал ететінін атап өтті. Бұл жиын бизнес өкілдерінің пікірін тыңдап, олардың ұсыныстарын ескеріп, экономиканы дамыту жолында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.