«Қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды». Осылай деген Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тілдің аясы мен насихаты жөнінде ой өрбітті. Мемлекет басшысы сөз арасында әлемде 7 мыңнан астам тіл бар екенін және оның 3 мыңға жуығы жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді. Айтуынша, қазақ тіліне төнген мұндай қауіп жоқ. Керісінше біздің тіл дүниежүзінде кең тараған танымал 80 тілдің қатарына кіреді.
Журналист, қоғам белсендісі Баутан Есенгелді – Қазақ тілін меңгеру, қолданыс аясын кеңейту баршаға ортақ мүдде, міндет, - дейді. Оның ойынша қазақстанды тұрақ еткен ұлт пен ұлыстардың бір тілге ұйысуы – ортақ отанның кең қанат жаюына серпін береді.
БАУТАН ЕСЕНГЕЛДІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
– «Президент көтерген мәселе өте өзекті. Әрбір азамат өз ана тілін
жетік меңгеруі тиіс деп есептеймін.» «Қазақ тілі
қазақтың ғана тілі емес. Қазақ тілі қазақстанда өмір сүретін барша ұлт
пен ұлысқа ортақ тіл.» – «Президент көтерген мәселе өте өзекті. Әрбір азамат өз ана тілін жетік меңгеруі тиіс деп есептеймін.» - «Қазақ тілі қазақтың ғана тілі емес. Қазақ тілі қазақстанда өмір сүретін барша ұлт пен ұлысқа ортақ тіл.»
Мемлекет басшысы әр жолдауы мен үндеуінде білім және ғылым маңызын әспеттеп, кітап оқудың пайдасына да көп тоқталады. Роза Сәтқызы мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясатқа дән риза. Айтуынша, үкімет үндеген үндеу пен жүйелі реформалар мардымды іске асуы үшін - халықтың да сана сапасын жетілдіру маңызды. Әрине, бұл жолда ақылына ақы сұрамайтын кітап атты данышпанның рөлі мен маңызы басым.
РОЗА СӘТҚЫЗЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
– «Қазір жастардың көбісі қоржыныңда қанша кітап бар деп бір-бірінен сұрап, және мен мынадай кітап оқып жүрмін деп ой бөлісетін жастарды көп байқаймын.»
Жастардың білім-ғылымға деген қызығушылығы жоғары екенін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев, сөз соңын бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ғылым-білім саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға жіті мән берілетінін айтып түйіндеді.