Оқушылар мен мұғалімдер үшін үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 21-і мен 31 наурызды қоса алғанда 11 күнге жалғасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

 Министрлік мәліметінше, мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сонымен қатар 1-4, 5-9 және 10-11-сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде қосымша жолданады.