Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамды ұстады.


Күдікті есірткіні заңсыз сатумен айналысқаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде жүрген. Полиция оны адамның бетін тану функциясы бар "FaceID" смарт камерасының көмегімен қолға түсірген. Қазіргі уақытта жедел-тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


МАРАТ АБДУРАХМАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

 – «Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістандық полицейлер іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 күдіктіні ұстаған.»