Қазан айында бастау алған шайбалы хоккейден Өзбекстан Республикасының алғашқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл – көршілес елдің хоккей тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болды.
Аталмыш додада Шымкент қаласының атынан сынға түскен «Тұран-2010» командасы барлық қарсыласынан басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Жаттықтырушы Жанат Байдеудің жетекшілігімен өнер көрсеткен команда шынайы шеберлік, табандылық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі 1 орынды шымкенттік «Тұран» командасы алса, 2 орын Ташкенттің «Бинокор» командасы иеленді. Осы қаланың «Хумо» командасы 3 орынды місе тұтты. «Тұран» – тұңғыш чемпионаттың тарихына алтын әріппен жазылды!