Елімізде 13 наурыздан бастап жаңа ереже күшіне енді. Ережеге сәйкес енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын көтергендер айыппұл арқалайды.


 Негізгі жаңалық – бірінші рет заң бұзғаны үшін бұрын ескерту берілетін болса, енді бірден айыппұл салынады. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15%-дан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады. Бұрын, бірінші рет заң бұзушылық жасаған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл тек 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда ғана қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей болады:Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК яғни, 19 660 теңге. Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсу тәуекелдерін төмендету. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейтілуде. Сонымен қатар, әр кәсіпкер Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына белгіленген 15%-дық шекті сауда үстемесін сақтауы тиіс.