USTA FEST халықаралық фестивалі жалғасып жатыр. Қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасы ұйытқы болған ауқымды жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 20-ға жуық кіл мықты шебер қатысуда. Ал үздік деп танылған мүсіндер қаланың көрікті жерлеріне қойылады деп жоспарланған. Ұсталар жұмыстарын аяқтауға жақындап қалыпты. Тілшіміз Шынар Әуелбай «Арбат» алаңында жүрген еді. Бірге көрейік.


ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ

Шымкентте алғаш рет бас қосып отырған ағаш ұсталарының сайысында топ жарған кәсіби мамандар да бар. Олардың қатарында еліміздің мақтанышына айналған, 30 жылын ұлттық өнерге арнаған Көшкінбаев Мұратәлі Өтеуліұлының жұмысымен жақынырақ танысамыз. Шебер дәл қазір жұмысқа қызу кіріскен. Аға, жасап жатқан еңбегіңізге тоқталсақ. Қандай бұйым жасап жатырсыз?


МҰРАТӘЛІ КӨШКІНБАЕВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

Бұл 6 метрлік кедр ағашынан жасалған менің шығармашылық жұмысым. Қорқыттың күйі дейтін шығармашылық жұмыс. Мұнда кейбір картиналарға қарасаңыз, табиғатты, аттың шауып бара жатқанын көресіз. Біз ағашта немен береміз, Қорқыт күй тартып отыр, 01:06 Мқнда көкбөрі аңыз бойынша Түркі елдері көкбөріден таралғанбыз дейміз, содан бастап, мына жерде ақ пен ғұнның символына самұрық құсын бейнеледім. Самұрық –бүркіттің атасы ғой. Төрт құбыланы ердім оңтүстік, батыс, шығыс.Әр құбыласында ауаның жердің, судың бәрінің белгілері. Ортасында шар, одан келеді де қазаққа қырғидай тиген қырық елді белгіледім. 


Әртүрлі бұйымға әртүрлі ағаш түрін пайдаланып жатады. Бұған қай түрін қолданып жатырсыз?

Бұған осы кедр ағашын пайдаланып жатырмыз. Жарысқа қатысушылардың бәріне 6 метр қып алып келді. Әркім өзінің қалағанынша істейді. Біреу 3 метрін кесіп алады. Бүтіндей ағашты ұрып жібердім ғой. Колонаның да орнына кете береді.


Мен байқап отырмын, мына бір ғана бұйымның ішінде сан түрлі тарих жатыр. Идея қайдан келді?

Идея халықтан іздейміз, сізден бізден бәрінен аламыз ғой. Ананың әңгімесін тыңдайсың, мынаның әңгімесін тыңдайсың. Фейсбуктен қарайсың. Әрқайсысын детально аласың. Фантастический кинолар бар ғой, алып –салып жатады ғой сол сияқты жинап-жинап сборка жасайсың.03:41


Шеберлерге қойылған талап ортақ. Қазақтың дәстүрі мен салт-санасының иісі аңқыған лиро-эпостық жырлардағы кейіпкерлерді мүсіндеу. Бөренені бедерлеуге шебер ұсталар үшін 150 жылдық тарихы бар ағаштар Ресейден арнайы әкелініпті.


САПАР ИСАКОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Фестивальдің басты мақсаты- еңбек адамын, еңбек жылын дәріптеу. Көне үрдісты қайта жаңарту. Болашақ жастарға қолөнер шеберін, ұста шеберлерін насихаттау, еңбекті бағалау.


ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ

Ұсталар сайысының бүгін 5-ші күні. Отандық, сонымен қатар Өзбекстан, Қырғыстан, Моңғолия, Бащқұртстан, тіпті Ресей Федерацияларының кіл мықтылары да келіпті. Дәл қазір Башқұрт елінінен келген шебердің жұмысына көзіміз түсіп тұр.


-Александр, скажите, какой вид дерева лучше подходит для создания вот таких шедевров? И про возраст дерева можете подробнее рассказать?


АЛЕКСАНДР МАТЕРКОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

Я с любым деревом практический работаю....Мен кез-келген ағаш түрімен жұмыс істей беремін. Әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Мүсін жасауға арналған арнайы қатты, жұмсақ, иілгіш түрлері де болады дегендей. Әсіресе, кедр ағашымен жұмыс істеу ыңғайлы. Шеберлердің де әркімге тән өзіндік қолтаңбасы болады.


А с какими трудностями сталкиваетесь в своей работе?


АЛЕКСАНДР МАТЕРКОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ

Шығармашылық жұмыстардың өзі қиын келеді ғой. Сол үшін де қызық. Мәселен, күрделі мүсіндерді жасау арқылы қолың жаттығады, шебер ретінде шыңдаласың. Сосын аяқтаған жұмысыңа қарап рахаттанып, одан әрі шабыт аласың.


 3 кезеңнен тұратын фестиваль 20 маусымға дейін жалғасады. Алдымызда тағы бір күн бар. Оған дейін шеберлер ағашты түрлі иірімдерге келтіріп, өз туындыларын аяқтайды. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.