Түркістандық полицейлер әдеби кеш өткізіп, поэзия оқыды. Танымдық іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған. Онда арнайы шақырылған қонақтар Хәкім шығармашылығы жайында ақпарат беріп, полицейлер данышпан өлеңдерін жатқа айтты.
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды-драма театрының актерлары философ өмірінен сыр шертетін қойылым ұсынды. Мақсат - әрбір қазақ жүрегіне Ұлы Абай шығармашылығын жеткізіп, классикалық қазақ әдебиетін оқуға ынталандыру, - дейді ұйымдастырушылар.