Шымкент – қызғалдақтар қаласы. Дәл осындай атаумен еліміздегі үшінші мегаполисте халықаралық суретшілер симпозиумы басталды. Қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден 16 суретші қатысып отыр. Олар қаланың 16 жерінен көрікті нысандарды қылқаламмен қағаз бетіне түсірмек.
Халықаралық симпозиумға еліміздің әр өңірінен және Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Өзбекстаннан қылқалам шеберлері келген. Олар қала келбетін қылқаламмен қағаз бетіне түсірумен қатар, өңірдің тарихы мен салт-дәстүрін сурет өнері арқылы паш етіп, ұлттық мәдени қорды жаңа туындылармен толықтырады деп жоспарланған. Бұл мақсатта 16 локация таңдалыпты.
ҚУАНЫШБЕК ИБРАГИМОВ, ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ КЕЛГЕН СУРЕТШІ
«Симпозимумға сенім білдіріп шақырғандарына көп рахмет айтамын. Бүгін көп жерлерді көріп шықтық. Өте қызқыты жерлер бар екен. Тарихи жерлер бар екен. Осыларды жұмыс барысында қоллдана отырып, 3 күннің ішінде жақсы жұмыс жасаймын деп ойлаймын».
Шымкентте алғаш рет өткізіліп отырған жиын 3 күнге жоспарланған. Шығармашылық алаңында өнертанушылар мен мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ, зиялы қауым бас қосып тәжірибе алмасатын болады.
ӨМІРБЕК ЖҰМАНИЯЗОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
«Жаңа талқылап жатқанда ортадан шығып сұраныс жасап жатқанда, біздің өлкенің, біздің мынау қалап қоймаса деп көңілдерін білдіріп жатыр. Енді, жиі жылда дәстүрге айналса керемет болар еді. Сіздің де, біздің де, жалпы Қазақстанның қоры шет елден келіп жатқан, араласып жүрген, достықпен араласып жүрген көрші мемлекеттің суретшілері өздерінің қолтаңбаларын қалдырып біздің музейлердің, көрмезалдардың қоры толыға берсе бәрімізге де керемет болмай ма»?
Аптап ыстыққа байланысты симпозиум ережесі өзгеріп отыр. Суретшілер қаланың көрікті жерлерін аралап келген соң, шығармашылық жұмыстарын Пушкин кітапханасында жалғастыратын болады. 21 маусымда қорытындыланатын «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» көрмесі де осы жерде өтеді.