Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында жауапты ведомстваның бекіткен жол картасы бойынша 2025 жылға негізгі 10 индикаторлық көрсеткіштер жоспары бекітілген. Аталған жоспардың орындалуы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жоспарды кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.


Облыстағы ауыл шаруашылық саласында 6 айда өнім көлемі 253,9 млрд теңгені құрап, индекс 104,7 %-ды құрады. Салаға 103,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін 82,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.


 ФАЙЗУЛЛА БАЙДУЛЛАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 гектарға орналастырылып, жоспар 1,4 есе артық орындалды. Егіс алқаптарына ғылыми негізде 189,8 мың тонна тыңайтқыштар енгізу жоспары 109 % орындалды немесе 206,2 мың тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Машина трактор паркін 6,5 % жаңалауды қамтамасыз ету бойынша 877 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы 2025 жылға 1649 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған. Техникаларды жаңалау үлесі 9,4 %-ға жетеді.


 Жалпы АӨК даму көрсеткіштерінің орындалуы бойынша басқарма тарапынан ай сайынғы рейтинг бағалау жұмыстары жүргізілуде. 6 айдың қортындысымен алғашқы үштікке Түлкібас, Созақ, Отырар аудандары орналасқан. Көш соңындағы аудан, қала әкімдеріне тиісті ескерту беріліп, жұмысты ширату тапсырылды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылшаруашылық саласында 2025 жылға бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің толық әлі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. ЖЫл соңына дейінинвистициялардың толық іске асырылуын бақылауға алып тұрақты жұмыспен қамтылатындардың үлесінарттыруды тапсырамын.


Айта кетейік, 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жалпы құны 227,5 млрд теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру көзделген. Биылғы жартыжылдықта 53,6 млрд теңгеге 17 жоба іске асырылып, 726 жаңа жұмыс орны ашылды.