Созақ ауданында бес айда 380 миллиард теңгенің өңірлік өнімі өндірілді.. Биыл теріскейдегі елді мекендер толықтай жарықтандырылып, жолдар жөнделеді. 100 пәтерлі 31 тұрғын үй салынып жатыр. Аудан орталығы Шолаққорғанда жабық бассейіні бар спорттық сауықтыру кешені бітуге жақын. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 2025 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы брифингте баяндады.


 Теріскей өндірісті аймақ.Еліміздегі уранның 80 пайызы бетпақ дала төсінде өндіріледі. Жер асты қазба байлығы жөнінен де алдыңғы қатарда. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі кен орындарында еңбек етеді. Жыл басынан бері ауданда жалпы 380 миллиард 702 миллион теңгенің өңірлік өнімі өндірілген. Экономикаға 81 миллиард теңге инвеститция тартылған.


Ауданда ауыл шаруашлығы саласында да ауыз толтырып айтарлық еңбек бар. Теріскей төріндегі төрт түлік саны артқан. Бетпақ дала төсіндегі түйе саны 14 мыңнан асып жығылды. Ет,сүт өнімдері еселеп артты. Су үнемдеу технологиясы бойынша 163 гектар жерге жаңбырлатып, 33 гектарға тамшылатып суару технологиясы енгізілді.


 Аудандағы коммуналдық мәселелер де рет ретімен шешімін тауып келеді. Шалғай ауылдарға барар жолдар жабындысы жаңартылып, аяқ жолдар төселіп жатыр. Биыл барлық ауыл жарықтандырылады. Ең негізгісі аудан орталығынан заман талабына сай Сауықтыру спорт кешені салынып жатыр. Онда бассейннен бастап ашық аспан астындағы алаңдарға дейін қаралған.