Тірек қимылы бұзылған, қабылдауы баяу балаларғдың денсаулығына спорт бірден бір ем. «Тұсау кесер» қайырымдылық жобасы аясында 2022 жылдан бастап Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру клубы ашылған. Жас жауынгер бейімдеу орталығының тынысымен арна тілшісі танысып қайтты.
Бұл спорт клубқа келген балалар бір сағат тер төгеді. Өмірге құштар балғындардың қимылы ширақ. Топтан қалмауға тырысып бәріде ұстаздарының айтқанын орындауға тырысады. Жаттықтырушылар арнайы тәсілдермен баланың денсаулығына оң әсер етуде.
САДЫҚ БАЙЫМБЕТОВ, «ЖАС ЖАУЫНГЕР» БЕЙІМДЕУ СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Негізі бұл емдік шарасы 80-70 процент бала орталыққа келіп өзі бір сағат жаттығу жасайды. Біреудің тепе теңдігі бірейдің қабылдауы нашар болады. Біздің жаттығулар баланың эмоцианалдық жағынанда қимыл қозғалысының жақсаруына оң ықпал етеді. 2022 жылдан бастап қордың қолдауымен еліміздің 5 қаласында ашылды.
Бұл жоба Астана, Алматы, Семей, Атырау, Ақтау, Өскемен, Петропавл қалаларында жүзеге асырылуда. Балаларға арналған жаттығулар тегін өткізіледі. Жоба аясында Қор 33 600 000 теңге сомасына спорт залымен жарақтандырып жаттықтырушылардың жалақысын төлеп отыр.
ҮМІТ ЖОЛАНҚЫЗЫ , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Балам келген кезде сөзді сөзге құрай алмайтын. Сөздік қоры аз болатын. Бұл жерде жаттықтырушылар ЛФК тренерлер солардың жұмысының арқасында баламның словары көбейген. Адамдармен қарым қатынасы артқан. Адамдармен араласып сөйлесе алады.
Жоба мотивациялық әдістерді, психологиялық қолдауды және кинезотерапиялық тәсілдерді қолдана отырып бала денсаулығына оң әсер етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қайырымдылық көмек алушылардың нысаналы тобы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар болып табылады.