Көше бойында құм, тас, құрылыс материалдары, күл-қоқыс сынды үйінділер жатпауы тиіс. Бұл шаһар көркін былғап, өмір сүру сапасын төмендетеді. Осы ұранды бетке алған жауаптылар Еңбекші ауданы аумағында рейд жүргізіп, тәртіп бұзған үй иелеріне ескерту жасады.
Ырысалат Холметованың есік алдында авто бөлшектер жайылып жатыр. Мұны байқаған тәртіп сақшылары үй иесімен сөйлесіп, мұның заңсыз екенін алға тартты. Түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жуық арада алып тастау қажетін ескертті. 69 жастағы әжей полиция жұмысына көңілі толатынын айтады. Сөзінше, сақшылар бұған дейін де есік қағып, түрлі қауіптен сақтандырған.
ЫРЫСАЛАТ ХОЛМЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «2-3 мәрте келді полицейлер. «Зейнеткерлерді тонап кетуі мүмкін деп 5-6 мәрте ескерту жасап кетті.»«Есіктің алдындағы артық заттарды алып тастау туралы ескерту беріп жатыр, қабыл аласыздар ма? – Қабыл аламыз. Тазалық керек қой.» «Жексенбі күніне дейін барлығын алып тастаймыз.» -
Таңнан бері әкімдік қызметкерлері полицейлермен бірге тап осындай бірнеше үйге ескерту жасады. Басым бөлігі ағаттығын бірден түсініп, үйіндіні өзге орынға көшіремін деп уәде берді. Сөз іске аспай, ескерту еленбесе айыппұл салынады. Әзірге тұрғындарға ескерту жасалып, шекті мерзім тағайындалған.
РУСЛАН ТҰРҒЫНБАЙ, ҚОҒАМДЫҚ ОРТА САПАСЫН ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
– «Есік алдындағы құрылыс материалдарын, құм-тас үйінділерін үйіп қою бойынша рейдтік шаралар өтіп жатыр. ОЛ бойынша әкімшілік құқық бұзушылық қарастырылған.» «Бірінші уақытта ескерту беріледі. Уәде берілген уақытта орындалмаса ескерту айыппұлға айналады.»
Ауданда мұндай іс-шаралар жүйелі түрде ұдайы жүргізіледі. Тәртіп бұзған тұрғындарға ескерту жасалып, оның орындалуы барысы қадағаланады.