Түркістандық полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары мен мен төтенше жағдай департаментінің өкілдері балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, қауіпсіздік талаптарын баяндады. Өз кезегінде өрт сөндірушілер облыс орталығының тұрғындарына көппәтерлі үйлердегі өрттердің адам өмірі үшін қауіптілігі мен зардаптары туралы түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін еске салды. Төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін нақты көрсетті.