Шымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театры 18-ші маусымын ашты. Жаңа маусымда Дж.Оруэллдің «Мал қора» сатиралық повесінің желісімен жазылған «Джонстың фермасы» трагифарсы сахналанды. Арнамыздың түсірілім тобы жаңа қойылымды тамашалап қайтты. Толығырақ келесі сюжетте.


 Сатира театры кезекті маусымының ашылуын салтантты түрде өткізді. Театр ұжымы көрермендермен жүздесіп, олардың қошеметімен ортаға төселген қызыл кілеммен жүріп өтті. Жиналған өнер сүйер қауымға жаңа қойылым таныстырылып, қысқа концерттік бағдарлама көрсетілді.


КЕНЖЕБАЙ АЙТБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл біздің сатира театры үшін ерекше жыл болып отыр. Өйткені 2008 жылы негізін қалаған театрымыз 18 жылдық маусымның ашылуын британ жазушысы Дж. Оруэллдің сватиралық повесінің желісіне жазылған Джонстың фермасы атты қойылыммен ашқалы тұрмыз. Көрермендер келіп бастады. Премьерамызды көрермендермен бірге тамашалайтын боламыз.


«Джонс фермасы» - жануарлардың теңдік пен бостандық арманынан басталған қозғалысы билік үшін күреске айналып, жаңа диктатураға ұласатын спектакль. Шығармашылық ұжымының айтуынша, трагифарс жанрындағы қойылым, театр сахнасында алғаш рет сахналанбақ.


АҚМАРАЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ТЕАТР АКТРИСАСЫ

Режиссері – Мырзатаев Саламат. Мен ол жерде байталдың рөліндемін. Яғни, негізгі аты «Мал қора» бұл қойылымның. Бірақ режиссер инсценировкасымен қойылған қойылым. Жаңа қойылым бізге сатира театрына мүлде жаңа жанр біріншіден. Осы алғашқы премьерсы бүгін өткелі жатыр. 


Жаңа қойылымның ұзақтығы 1 сағат 40 минут. Театр ұжымы алдағы уақытта «Джонс фермасы» қойылымын еліміздің басқа қалаларында да көрермен назарына ұсынбақ.