Цифрлық жүйе – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Президент үндеуіне сәйкес аталған бағытты жетілдіру, кем-кетігін түзеу күн тәртібіндегі мәселе. Осыған орай Шымкенттік мұғалімдер көрме орталығында бас қосып, «Еңбек HR» порталы жайында толымды мағлұмат алды. Жүйенің мүмкіндіктері мен тиімді тұстарын түртіп алып, ой-пікірлерін ортаға салды.


Мамандардың айтуынша: мемлекеттік қызметтің цифрлық жүйеге көшуі бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алады. Мұндағы қызметтер жария түрде жүзеге асады. Яғни, бұра тарту, пара беру, пара алу ықтималдығын жояды.


ЖЕҢІС МАҚҰЛБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

– «Әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтың мемлекеттен алатын қызметтері болады. Әлеуметтік көмектер.. Соның бәрі цифрландырылған платформа аясында жүзеге асатын болады. Сол арқылы заңсыздықтардың жолын кесіп отыруымыз керек.» 


Шакир Умаров - №4 Сайрам балалар саз мектебінің директоры. Атуынша «Еңбек HR» порталы іске жарамды. Берер мүмкіндігі мол. Алайда білім саласында осы тектес платформалар көп. Мұғалімдер жаңылысып, қағаз бастылыққа тап келеді. Олқылықты оңалту үшін саланы жүйелеп, бір-біріне ұқсас порталдарды бір алаңға біріктірсе екен»,- дейді.


 ШАКИР УМАРОВ, №4 САЙРАМ БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

– «Жақсы, керемет! Оның жаман жері де бар да. Платформалар көбейіп кетті. Темір деген, Миндаль деген бар.. Соның бәрін жинап бір база жасауға болады.»  «Соны енгізсе нұр-үстіне нұр болады деп ойлаймын.» 


 «Еңбек HR» платформасы үш саланы қамтиды. Олар білім беру, денсаулық сақтау және туризм бағыттары. Жүйенің көздегені жұмыс тиімділігін арттырып, қызмет сапасын жетілдіру.