Кім білгір? Дәл осы тақырып аясында түркістандық этнос жастары сайысқа түсті. Мұндағы мақсат, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере отырып, қолданыс аясын кеңейту.


 Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған интеллектуалды ойынға 9 ауданның жастары қатысты. Олар 3 кезең бойынша бақ сынасып, қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін көрсетті.


 Алғашқы кезеңде мақал – мәтелдердің жалғасын тапқан этнос жастары, жұмбақ шешіпте жарысты. Өздерінің тапқырлықтарымен таң қалдырған олар одан кейінгі айналымда диалект және көнерген сөздердің мән мағынасын түсіндіріп берді.


 Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған сайыс, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталып, арнайы кубокторға ие болды.