Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтардың көбі әлеуметтік мәселелермен келген. Мәселен, бірі ерекше баласына әлеуметтік көмек сұраса, келесі азамат жұмысқа орналастырып беруді өтінді. Сонымен қатар Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесі көтерілді. Лагерьдегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауына қатысты мәселелер де сөз болды. Азаматтардың өтінішін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары барлық мәселенің тек белгіленген заң аясында шешілетінін айтты.