Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6698 бөлімінде “Әскери қызмет аналардың алдында” және “Жас бүркіт” патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шара оқушылардың саптық жүрісімен басталды. «Жас бүркіт» қатарында 42 жас шәкірт бар. Олар апта сайын әскери қызметкерлерден дәріс алып, сарбазға қажетті іс-қимылдарды үйренеді. Ай сайын әскери бөлімшеге келіп, тыныс-тіршілігімен танысады.
РОЗА КӘРІМБЕКОВА, ОҚУШЫ
– «Біз патриоттық рухты бойымызға сіңіру үшін әскери сабақтарды жиі өтіп тұрамыз.» «Бүгінгі іс-шара көңілімізден шықты, маған қатты ұнады.» «Біз әскери қару-жарақтармен танысып, әскери өмірді көрдік.»
Оқушылар ауыр техниканы жақыннан көріп, құрылымы жайында ақпарат алды. Алып танкті тізгіндеп, өздерін бір сәт жауынгер сезінді. Қару-жарақты шашып жинап, осыған дейін алған білімдерін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буын санасына серпіліс жасап, патриоттық рухын арттырады.
НҰРСҰЛТАН ЖҰМАҚҰЛОВ, 6698 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТӘРБИЕ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
– «Талант мектебінде өзіміздің «Жас бүркіт» сыныбы бар. Онда оқушыларға әскери қызметкерлер апта сайын дәріс өтеді. Сол дәрістердің практикалық үлгісін көріп отырсыздар.» «Әскери рухқа жастарды тәрбиелеу.»
Ашық есік күніне әскери борышын өтеушілердің ата-аналары да келді. Балаларымен қауышып мәз-мейрам болысты. Бірқатар үздік сарзбаздардың аналарына «Отан қорғаушының анасы» төсбелгісі табысталды. «Жас бүркіт» клубының да үздік мүшелері марапатталды. Іс-шараға аналар кеңесі қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шарифа Муминова да қатысты. Айуынша, ол өкілдік ететін ұйым ата-аналардың арыз шағымын тыңдап, келеңсіз оқиғалардың алдын алады.
ШАРИФА МУМИНОВА, «АНАЛАРДЫҢ ЖҮРЕКТЕРІ» САРБАЗДАР АНАЛАРЫ КЕҢЕСІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ
– «Бізге ата-аналар белгілі бір мәселе бойынша хабарласады. Біз оларды мұқият тыңдап, мәселені жан-жақты зерттеймін. Келеңсіз оқиғалардың алдын аламыз.
Іс-шара барысында оқушылар әскери өмір жайында кең көлемде мағлұмат алып, бөлім тыныс-тіршілігімен танысты.