Түркістандық полицейлер екі үйді тонап, ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады.  Сайрамда тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғындардан екі арыз түсті. Олар үйлеріне белгісіз адам кіріп, телефондар мен әшекей бұйымдарды ұрлағанын хабарлады.

 Бір тұрғынға шамамен 350 мың, ал екіншісіне 200 мың теңге шығын келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол оқиға болған күні үйде ешкім жоқ екенін байқап, бағалы заттарды жымқырған. Қолға түскен заттар толық көлемде иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.