Елімізде көлік сатып алу процесі жеңілдейді. 1 желтоқсаннан бастап автолизинг бағдарламасы іске қосылды.


Енді автокөлікті ұзақ мерзімге жалдап, кейін оны сатып алу не қайтару жүйесін қарастыруға болады. Лизингтің автонесиеден айырмашылығы — көлікті несиесіз әрі ұзақ мерзімге жалға аласыз. Бастапқы жарнаны да құюдың қажеті жоқ. Тұтынушы көлікті таңдаған соң, лизинг компаниясы көлікті сатып алып, ай сайынғы төлемді бекітеді. Жарна толық төленгенше, темір тұлпар компанияның меншігінде болады. Бұл жүйе көлік алуды жеңілдетіп, халықтың қалтасына артық шығын түсірмейді, — дейді мамандар.