Еңбек ресурстарын мониторингілеу бөлімінің мамандары Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тексеру жүргізді.


 Зерттеу барысында 546 жеке кәсіпкерде 1208 азамат 85 000 теңге айлықпен жұмыс жасап жатқаны жөнінде бұйрық көшірмесін бергені анықталды. Оның ішінде Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, 314 жеке кәсіпкерде 545 азамат іс жүзінде жұмыс істемейтіндігі анықталды.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Бұдан бөлек, мониторинг тобы 13 жұмыс берушіде 34 азаматтың жұмыс орындарын тексергенде, олар жұмыс орнында болмаған. Қазіргі таңда бұл отбасыларға жалған ақпарат бергені үшін Атаулы әлеуметтік көмектен бас тарту бойынша шешімдер дайындалуда.