Елімізде соңғы екі ай ішінде 2 млн-ға жуық адам тұмау жұқтырған.Мамандар вирустың тез таралып жатқанын айтады.Ал санақтың басым бөлігін балалар құрап отыр.
Дерттің дендеуі салдарынан оқушылар онлайн оқуға ауысты.Егер сыныптағы балалардың 30 пайызы ауырса, оқу толығымен қашықтан оқытуға көшеді.Ал Денсаулық сақтау министрлігі дерттің желтоқсан айының ортасына дейін жалғасатынын айтады.Мамандар қоғамдық орында сақтанып, бетперде тағып жүру қажеттігін жеткізді.