Шымкентте «Қазақтелеком» АҚ-ның өңірлік құрылымына қарасты №11 телекоммуникациялық тораптарды пайдалану және сервистік қызмет көрсету басқармасының жаңа әкімшілік ғимараты ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі арнайы қатысты. Жаңа нысан цифрлық трансформация үдерісін жеделдетіп, байланыс сапасын арттыруға бағытталған.


Қазіргі таңда мегаполисте байланыс желілерін жаңғырту және тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Соңғы екі жыл ішінде өңірдің байланыс саласына 2,9 млрд теңге инвестиция бағытталған. 2026 жылы бұл көрсеткішті ұлғайту көзделіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, «Әр үйге оптика» технологиясы шаһардың барлық ауданын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл бастама интернет сапасы мен тұрақтылығын арттыруға негіз болады.

БЕРІК ТОПЕТОВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
 Бұл жерде қызметкерлеріміз отырады. Олар абоненттердің үйіндегі интернет желісіне жауап береді. Яғни, желі сапасына байланысты ұсыныстар мен шағымдарды қарайды.