Жаңа Конституция жобасы Шымкент қаласындағы энергетика саласы мамандарының арасында талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұл бастама елімізді жаңа белестерге жетелейді.


 Жиын барысында Конституцияға ұсынылып отырған негізгі әрі өзекті өзгерістер кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, білім мен ғылымды дамыту, мәдениет пен инновацияны қолдау жаңа Конституцияның басты бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.


Шара барысында мамандар жаңа Ата Заңның маңызын түсіндіріп, қарапайым жұмысшылармен пікір алмасты. Жиында Конституцияның институционалдық реформаларға негіз болатыны және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатыны айтылды.


Спикерлер жаңа Ата Заң билік пен қоғам арасындағы сенімді арттырып, еңбек адамының мүддесін қорғауға жол ашатынын атап өтті. Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.