Қолданыста жүргеніне 20 жылдан асқан көліктер биылдан бастап салықты жартылай төлейді. Жылжымайтын мүлік салығына да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және «Бухгалтерлер қауымдастығы» ұйымдастырған жиында айтылды. 2026 жылғы Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге арналған семинар өтті.


Салық кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер нәтижесінде бірқатар салық ставкалары сараланды. Кейбір санаттағы қымбат бағалы мүлкі бар жеке тұлғалар үшін сән-салтанат салығы енгізілді. Жеке табыс салығы бойынша ставкаларға да өзгерістер енгізілген. Көлік салығында жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Жаңа Салық кодексін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.


 СЫМБАТ АСАНБЕКОВА, КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Осы жылдан бастап өзгерістер көп болып жатыр. Кәсіпкерлерден сұрақ өте көп.


 Іс-шарада 2026 жылға арналған қосылған құн салығы бойынша жаңа есептеу ережелері түсіндірілді. Электрондық шот-фактураларды толық цифрландыру, корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша сараланған мөлшерлемелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар оңтайландырылған арнаулы салық режимдері, меншікке салынатын салық, сән-салтанат салығы, жер қойнауын пайдаланушылар мен бейрезиденттерге салық салу тәртібіндегі негізгі өзгерістер қарастырылды.


ЖҰМАН ШЕРХАН, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 28 ақпан аралығында салық салу режимін таңдау қажет. Хабарлама бермеген жағдайда жалпыға бірдей

Іс-шараға шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері, бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.
Семинар спикері Ким Нина Валерьевна жаңа редакциядағы Салық кодексінің негізгі бағыттарына, салықтық әкімшілендірудің жаңартылған тетіктеріне және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты өзгерістерге кеңінен тоқталды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, практикалық түсіндірмелер алды.