Шымкент қалалық мәслихат төрағасы мен Әл-Фараби ауданының әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аудан депутаттарының атқарған жұмыстары айтылып, тұрғындардың мәселелері тыңдалды. Билік өкілдері елдегі Референдумға шақырып, Жаңа Конституцияның мәнін түсіндірді.
Алқалы жиынға аудандық ардагерлер кеңесі, аға буын өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Олар аудан аумағында қолға алынған жобалармен танысып, елдегі жаңашылдықтардан хабардар болды.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің қалыптасқан кезеңдегі Ата Заң бізге өзіндік қызметін атқарып болды. Енді бізге алға қарай дамуымызға жаңа заң жобасы қажет-ақ.
Бұл күні мәслихат депутаттары да сөз алып, сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген негізгі бағыттардың орындалуымен таныстырды. Өз кезегінде тұрғындарды наурызда өтетін Референдумға қатысуға шақырды.
ДАРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Мынандай сұрақтар болуы мүмкін. Қазір біздің Ата Заңымыз 90 баптан тұратын болады.
Кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жаңа Конституциядағы кейбір тұстардың мәнін ұғынды. Енді олар наурыз айында өтетін Референдумға қатыспақ ниетте.