Шымкент қаласында республикалық референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала бойынша сайлаушылар саны 700 270 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен референдуммен салыстырғанда 5,2 пайызға артқан.


Республикалық референдум өткізуге қала бойынша 369 комиссия қатысады. Оның ішінде 6 аумақтық және 363 учаскелік комиссия бар. Сондай-ақ 24 арнайы учаске жұмыс істейді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны – 2 867 адам. Комиссия құрамының 81,2 пайызы саяси партиялардан, 18,8 пайызы қоғамдық ұйымдардан ұсынылған. 1 060 ер адам және 1 807 әйел азамат комиссия құрамына енген. Референдум учаскелерінің шекаралары мен комиссия құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми сайтта жарияланады. 344 учаске қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 2025–2026 жылдары ашылған 19 жаңа учаске заманауи талаптарға сай жабдықталды.


 ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
– Шымкент қаласында халық санының өсуіне байланысты қосымша 19 жаңа учаске ашылды.