Шымкентте тұрғындар өз ауласын көркейтуге белсене кірісті. «Отырар» шағын ауданында өткен кезекті сенбілік барысында аула аумағы қоқыстан тазартып, жаңаша кейіпке енді.
Тазалық жұмысына 50-ге жуық коммуналдық қызметкер мен еріктілер жұмылды. Олар аула ішіндегі қоқысты жинап, ретсіз өскен ағаш-бұталарды қырқып, шөптерді тазалады. Арнайы техникалар да іске қосылып, жиналған күл-қоқыс толықтай «Ақсай» полигонына шығарылды.
ҰЛБОСЫН ТӘЖІБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Бұрын сенбілік жиі бола бермейтін. Соңғы 1–2 жыл көлемінде жиі ұйымдастырылып келеді.» «Жалғыз біздің аула ғана емес, жалпы Шымкент қаласы да бұрынғыдан таза.»