Шымкентте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі кеңейіп келеді. Бүгінде мыңдаған азамат оңалту көмегін алып, қажетті әлеуметтік қолдаумен қамтылуда.


Ерекше қажеттілігі бар жандарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар қарқын алған. Қаладағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қосымша 50 орындық жаңа ғимарат бой көтеріп, пайдалануға беруге дайын тұр. Сонымен қатар, Шымкентте тағы екі жаңа әлеуметтік орталық ашылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Оның бірі – балаларға арналған «Балауса» орталығы. Ал тағы бір маңызды нысан – 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жалғасуда. Қазір құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Жаңа орталық іске қосылғанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін қызмет көлемі де арта түспек.