Кәсіпкерлер үшін маңызды жаңалық. Биылдан бастап қосылған құн салығына қатысты талаптар өзгеріп, бақылау күшейтілді. Енді жылдық айналымы 43 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлер міндетті түрде қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.
Ал Мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлердің айналымын электронды жүйелер арқылы бақылап отырады. Егер кәсіпкер белгіленген межеден асып кетсе, бірақ салық төлеуші ретінде тіркелмесе, оған арнайы хабарлама жолданады. Ал талап орындалмаған жағдайда заң аясында жауапкершілік қарастырылады.
АГАХАН ӘЛІБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
ҚҚС бойынша ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтарың бірі-міндетті тіркеу бойынша есепке уақытылы тұрмау.Мемлекеттік кірістер органдары мұндай жағдайларды камералдық бақылау, электрондық шот-фактуралар жүйесі, бақылау касса машиналарының деректері арқылы анықтайды.Егер салық төлеуші міндетті тіркеу шегінен асып кетіп, тіркеуге тұрмаса, онда бақылау органдары хабарлама жолдайды.Салық төлеуші анықталған құқықбұзушылықтарды жоюға міндетті.