Шараға белсене атсалысқандар қатарында Қыземшек кентіндегі «Самал» балабақшасы да бар. Мұнда тәрбиешілер мен балалар 4 топқа бірігіп, үлгілі отбасы сипатын көрсетті. Сондай-ақ, байқау шартына сәйкес, қазақы салт-дәстүр жолымен көрініс қойды. Ырым-тыйым, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдердің мәні айтылды.

Ажар Иманберді – Байқауға қатысушы

Өз отбасымызда отағасымен үш ұл, бір қызды тәрбиелеп отырмыз. Барлығы осы балабақшада тәлім алған. Қазір өз қатарының алды. Біз әрқашанда осы балабақшамен тығыз қарым-қатынастамыз. Осындай шаралардан ешқашан қалған емеспіз.

Бала бәрбиесі тал бесіктен басталады. Балабақша меңгерушісі жас бүлдіршендер көрсеткен өнерге тәнті болды. Қатысушылар балаға ат қою, тұсау кесу, бесікке салу рәсімдерін үлкен кісілердей өткерді.   

Гүлжахан Мұхиддинова – «Самал» балабақшасының меңгерушісі

Негізгі мақсат – қазақ халқының салтын, дәстүрін, ырым-тыйым сөздері мен мақал-мәтелдерін дәріптеу, оны отбасы тәрбиесіндегі алатын орнын мақтан ету. Осы мақсатты орындау барысында төрт ата-ана отбасымен қатысып отыр. Тәрбиеленушілеріміз балабақшада игерген білім-дағдыларын осы сайыс барысында көрсете білді деп ойлаймын. Тәрбие бағытымыз халықтық педагогикаға негізделген. Халықтық педагогика негіздерін міндетті түрде дәріптеп, игеруін, меңгеруін қалыптастырып отырамыз.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Ал, білімді ұрпақ – болашақ негізі. Сондықтан балаға беретін саналы тәрбие мен сапалы білім тығыз байланыста дамуы шарт. Бұл жолда бүгінгі шараның берері мол.

АЙЖАН Әшірхан