Асхат Мұратұлы Садырбай 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Түркістан облысында дүниеге келген.

Қызмет жолын 2003 ж. облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде бастап, 2005-2009 жылдар аралығында штаттағы редактор, жүргізуші, бірнеше танымдық хабарлардың авторы ретінде жалғастырады.

2009-2014 жылдар аралығында “Хабар” АҚ қарасты “ЕлАрна” телеарнасында бірнеше жобалардың авторы, продюсері ретінде қалың көпшілікке танылды.

2015 ж “Almaty” телеарнасының бағдарламалар бөлімінің жетекшісі, 2021 ж “Turkistan” телеарнасының Бас продюсері қызметтерін атқарып, телеарнаның ашылуына атсалысты.

2022 ж.ҚР Ақпарат саласының үздігі медалімен марапатталған.