Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бүгінгі шараның басты мүддесі біреу. Жастардың бойында жанашырлық, адамгершілік, лидерлік сынды асыл қасиеттер артса, - дейді. Осы мақсатта тек мегаполис төңірегінде емес, республика көлемінде қайырымдылық шараларымен айналысып жүрген белсенді волонтерлар арнайы шақырылған. Олар өздерінің еріктілік еңбек жолындағы іс-тәжірибесімен жас буын өкілдерімен бөлісті.

Шымкент – қашан да қайырымды жандардың қаласы болғаны баршаға мәлім. Осы тұста үшінші мегаполисте де өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Қазір қалада 30-ға жуық волонтерлік ұйым, 10-мыңнан астам ерікті бар. .Аталған әрбір ұйым бірнеше жобаларды қолға алып, қаншама жанның алғысына бөленіп жүр.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар ASSA жастар жастар қоғамдық бірлестігі, "Ізгілікте жарысайық", "Харекет" қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық электронды порталы, "Жігер" салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, "Жасыл ел" еңбек жасақтары волонтерлік ұйымдарының мүшелеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Сондай-ақ, шара соңында оларға ұйымдастырушылардың атынан сертификаттар табысталды.