Ескі қалашық аумағы заманға сай өзгереді. Шаһардың бас сәулетшісі Ержан Нұразханов қаланың ескі бөлігінде шығыс стиліндегі ғимараттар бой көтеретінін айтады. Басқарма басшысы бүгінде аумақты абаттандыруға қызығушылық танытып отрыған инвесторлар да бар дейді.
Қаланың ескі қалашық бөлігінде үйледің сүрілетіні әубастан айтылып келеді. Тұрғындардың алды қолдарына ескерту қағазын 2017 жылы алғанын айтуда. Алайда шағынауданның қашан абаттандырылып, үйлерінің қай уақытта сүрілетіні нақты айтылмапты. Сол себепті не көшерін, не көшпесін білмей отырмыз дейді.
Шымкентті көптеген өзгерістер күтіп тұр. Миллионды қаланың тұрғындары үшін кең көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің санын арттыру көзделген. Әсіресе ескі қалашық аумағы болашақта адам танымастай өзгермек. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін инвестор тарту жұмысы жүріп жатыр екен.
Ескі қалашықта шығыс стиліндегі үйлер бой көтеріп, туристердің сүйікті ортасына айналады. Сондай-ақ саябақтар мен демалыс орындары да назардан тыс қалмайды дейді қаланың бас сәулетшісі Ержан Нұразханов
Қазіргі таңда Шымкент қаласының бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, ескі қалашықта үйлер қашан сүріліп, жер телімдері мемлекет мұқтажына қашан алынады. Ол жағы әлі белгісіз.