Шетелдік көліктерді заңдастыру - күн тәртібіндегі басты тақырып. Бұл жұмыс -  23 қаңтардан бастап  қол алынған-ды. Мамандар берген мәліметке сенсек, Шымкентте 3 мыңға жуық сырттан келген көлік бар. Қызмет сапасын жақсарту үшін Мемлекеттік корпорация автоХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.


Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін автоХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
Кедендік тазартудан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобильдер өтуі керек. Бұл – жалпы тәртіппен жүзеге асырылатын әдеттегі процедура. Мысалы, АҚШ-тан немесе Біріккен Араб Әмірліктерінен автомобильдерді әкелген кезде міндетті түрде автокөлікке кедендік тазарту жүргізіледі. Сондықтан бұл мәселеде ешқандай өзгеріс жоқ.